Жиһад дегеніміз не?

Жиһад - «жә-һә-дә» түбірінен шыққан сөз. Ол «мақсатқа жету жолында бүкіл күш-жігеріңді сарқа пайдалану, кез келген қиындыққа мойымай қарсы тұра алу» деген мағынаны білдіреді.

Ислам діні пайда болғаннан кейін жиһад сөзі ерекше мағынаға ие болып: Аллаһ жолындағы күрес, Аллаһ разылығы үшін күрес деген түсініктерді білдіре бастады. Бүгінде жиһадты еске алғанда, адамның ойына бірден осы мағыналар келеді. Бұл күрес іштей және сырттай болып екі түрде жүреді. Іштейгісін өз болмысыңды тануға талпыныс деп, ал сырттайғысын – өз болмысыңды өзгенің түсінуіне мүмкіндік туғызу деп сипаттауға болады. Біріншісі - үлкен, екіншісі – кіші жиһад. Біріншісі адамның өзіндегі ішкі қайшылықтарды жеңуге негізделген, яғни, адам өзінің болмысын (марифатун-нафс) тану арқылы иләһи ілім мен (марифатуллаһ) сүйіспеншілікке (мухаббатуллаһ), рухани ләззатқа жетеді. Ал екіншісі адамдар мен діни нанымның арасындағы кедергілерді жоюға, яғни, адамдардың иманға келіп, ақиқи іліммен сусындау мүмкіндіктерін ашуға негізделген.

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.