Исламдағы жиһад

Жиһад – ерекше қағидаларға негізделе отырып Аллаһты таныту мен ұлықтау жолдарын ашуда көрсетілетін күш-жігер. Әлемде қашан да қақтығыстарға орын болған, бұл бір жағынан адамзат өмірінің бұлтартпас ақиқаты. Бүгінде жиһадтың не нәрсе екенін әрі оның шарттарын анықтап беретін Мұхаммедке (с.ғ.с.) түскен Құран аяттарын бәзбіреулер қате түсіндіріп жүр. Мұндай адамдар исламның шынайы рухына бойлай алмағандар, оның кең және өте нәзік тұстарының аражігін ажырата алмағандар. Олардың ашу-ызасына түрткі болар жайттар олардың исламды дұрыс түсінбеуінен дер едік. Ал шынайы ислам қоғамының жүрегі әрдайым бүкіл тіршілікке деген сүйіспеншілік пен бауырмашылдыққа толы. Ақын бір сөзінде: «Мұхаммед өзімен бірге сүйіспеншілікті әкелген; Мұхаммед болмаса, сүйіспеншілік қандай күйде болар еді!» деген болатын.