Лаңкестікпен айыптау

Ең өкініштісі, осы жоғарыда аталған қағидаларды негіз ететін исламды, кейбіреулер терроризмнің синонимі ретінде қарастырады. Бұл ең үлкен тарихи қате болып табылады, бұл жайт осындай пікірдегі адамдардың ислам жайында білімдерінің таяздығын байқатып, жан-тәнімен терең бойлап түсінбегендігінде жатыр.

Халық ислам дінін зерделеуді бүгінгідей дінге жалған жайттарды жапсырып басқарып отырған берекесіз азшылыққа қарап емес, көп ғасырлар осы дінге өкілдік еткен, шынайы иманға келген, бастау алған сонау тұнық кезіне қарап зерделеуі керек.
Әсілі, исламда қатыгездікке, фанатизмге, шыдамсыз-дыққа орын жоқ. Бұл дін толығымен кешірімділік пен сабырлыққа негізделген. Сүйіспеншілік пен сабырлықтың тірегіндей Мәулана, Жүніс Әміре, Ахмет Яссауи, Бәдиуззаман сияқты жандар исламның бұл сипатын керемет танытты, әрі олар – бүгінде аталған аспектінің тарихи кейіпкерлері.

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.