БҰЛ ДҮНИЕНІҢ БАЯНЫ
Фетхуллаһ Гүлен есімін сырттай естігенмен, жақсы іні арқылы мына кітап қолыма тигенде, қара әріпке көз жүгіртіп, сөйлем түзгенде басқаша әлемге сүңгігендей болдым. Қайраткер, діндар, символизмге толы жүрегі жерді басқан жақсылармен әманда біргемін деп соққан адамның жүрек лүпіліне бой ұрсаң, сезімнен шыға алмай қалады екенсің. Дүние деген не, мәңгілік деген не, дүниедегі әдебиет атаулының құдіреті неде? Осы шағын кітап бәрі-бәріне жауап бергендей. Бұл дүниенің баяны осы кітап бетіне тоғысқан ба деп, соңғы парағын бір риза да рахат сезіммен жабасың.
Кейіпкердің ой-толғамдары, философиялық пайымдаулары топтасқан кітап жиырма төрт сағаттан тұратын бір тәулік, жыл он екі айдан тұратын бір жыл мен мәңгілік махаббат мәселелерін адам жанын баурай отырып әңгімелейді. «Жаратылыстың әу бастағы жоспары рахымы шексіз Алланың ғылымы мен іліміне, сәулеті мен көркем безендіру өнері – Оның баянына тиесілі. Жаратылыс пен баян «мәңгі-бақи жұлдыздай жанып, жарқырап тұрған аянның» сырға толы сарайында егіз өрімдей болып көрінген», – деп басталған «Баян» атты мақала өмірдің өзін алға тартып тұрғандай. Сондықтан да, баян-құдірет қаламының ұшынан жоққа тамған сияның алғашқы тамшысы. Жаратушы мен жаратылыстың арасында үйлесім таба қабысып жататын сырлы қарым-қатынасты айқындап, тезге салып отыратын да сол баян. «Өмірің баянды болсын» деген сөзді естіп өстік. Алыс жолға аттанарда, соғысқа шығарып сап тұрғанда «Алла баяныңды берсін!» дейді екен үлкендер. Сол баян – өмір. Сол өмірдің – бір тамшы сияның мәнін автор ашып көрсетіп, адамдарға күнделікті жәй нәрселерден күрделі ойлар күмбезін тігіп отыр. Көзге көрінбейтін ұсақ-түйектің өмірдің баяны екенін пәлсафашы қиялы ежіктемесе, ол көрінгенге жалынан ұстата қоймайтын құдірет.
Біз – Адамбыз. Адамның жаны мен өзегі – тіл. «Барлығымыз бір-бір тіл, ал тілдердің жаратылыс мақсаты – баян» дей келіп, кісі жанының көрінгенге көріне бермейтін қатпарларын дірілдетіп тұрып дәл ашады. «Баршамыз мына жалғанға келерде, көзімізді баянмен аштық. Баян бесік жырларын тыңдап өстік. Егер бір арнаға салынған болсақ, сол баянның ықпалымен салындық». Баян – біздің өміріміз. Өмірі баянды әр азамат қаланған бір-бір кірпіш. Автор оны жалпақ тілмен жанайқайсыз алға тартып тұр. Өмірі баянды әр адам – тұлға. Оның өз баяны өз қолында. Ол сол үшін күресуі керек.
«Әдебиет – әдеп, әдеп – әдебиет» деген аталы сөз бар. «Назым мен қарасөз арқылы түрлі күй-жайға байланысты айтылған, яки жазылған көркем өлшемді ырғақ пен тілдік ережелерге сай сөздер не осы сөздерді зерттеп саралайтын ілім – әдебиет. Әдебиеттің мәні – негізінен тәрбие. Ізет, көркемдік арқылы нәзіктікке сүйеніп, бір қалыпқа жетуге саятын «әдеп» түбірінен тарайды», – деген Ф.Гүлен бұл аталы сөзін өзінің терең талғамымен шегелей түседі. «Іріп-шіріген ой-пікірге осы көзқараспен қарау керек шығар. Әйтпесе, әдебиет қайда, біз қайда!.. Сондықтан әдебиеттің бүгінгісі кешегі күнінен жарқын болғаны сияқты, келешегі де бүгінгісінен жарқын болады, яки болу керек. Иә, өткен ғасырдың сайыпқыран ғұламасы С.Нұрси өз сөзінде «...адамзат өмірінің соңына қарай ғылымға бет бұрады және күш пен қуатты ғылымнан алады, сірә, сол кезде сөз толығымен ғылымның қолына түсетін шығар деген екен», – дейді автор. Сөзді қадірлемесек, сөздің алдында өзіміз де қадірсіз боламыз. Сөз өнері – өнердің ұлысы, сөз алда жүреді. Ал әдебиетті жасаушы қаламгер қандай болмақ? Оған былай деп жауап берер еді: «Иә, әдебиетші әр жерде күнделікті туған ішкі сезімдері арқылы ойын жеткізгісі келген жай адамға қарағанда, ерекше ойлайды, өзгеше бағалайды, басқаша талдайды және үнемі кемелдікке қарай ұмтылып, келешек ұрпаққа сүйіп қабылдайтын және үлкен құрметке бөленетін өлмес мирас қалдырып кетеді. Міне, осы тұрғыдан келгенде, ол үнемі ұстаз, ал өзгелері шәкірт, ол сәулетші, өзгелері қарапайым жұмысшы болмақ». Әдебиетші қай кезде де осы тұғырдан түспеуі керек.
«Тіл мен ой тереңдігі» де осы тақілеттес мақала. «Кісі өз ана тілін неғұрлым жақсы меңгеріп, басқалармен де еркін тіл табыса білсе, соғұрлым өз болмысы мен өмірінің мәнді өтуіне алғышарт жасай алады», – дейді автор. Бұл – ұлық сөз, нағыз шекарада айтылар сөз. Біз бүгін осы сөзді ауызбен айтқанмен, қолмен уыстап ұстай алмай жүрміз. Тағы да Ф.Гүленді сөйлетсек, «Тіл – сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болумен қатар, өткендегі олжаларды бүгінгі күнге, ал бүгінгі пайымдарымызды келешекке жеткізу үрдісінде де өте маңызды дәнекерлік міндет атқарып келеді». Расул Ғамзатовтың «Ертең тілің жойылады десе, бүгін тілімді кесіп тастар едім» дегені есте. Тіл – дәнекер, ол – өмір әткеншегі. Оны дәнекер ғып ұстайтын да, әткеншек қып тербететін де – өзіміз. Әткеншек біздің өз қолымызда, тек тербеле білу керек.
Сұлулық пен ғашықтық туралы да тілдің майын тамызып жазған қаламгерге дән разымыз. «Ғашықтық – біртұтас, қайнаған тіршіліктің ортасындағы адам баласының ішкі куәлігі... Ғашықтықты – ғашықтық туралы сөз еткен жерден іздемеу керек. Оны алаудың қып-қызыл шоқпен айналып алмасқан жерінен іздеу керек. Себебі, ғашықтық – өз иесінің жан дүниесін іштей өртейтін жасырын шоқ, не болмаса, көңілге түскенде, жалыны жан-жақтан сезілетін және төзімділікке шыдамайтын сондай бір ахуал. Оның білтесі өз құпиялылығына аманат етілген». Біз сол аманатқа адал болуға кейінгілерді осы кітап арқылы тәрбиелеуіміз керек.
Әйел бейнесі – мәңгілік. Шығыс шайырларынан бастап, «әй-әй» әйелге сөз арнамағандар кемде-кем. «Су сұраса сүт берген, айран берген» сол бір жандар – өмірдің ұясы, оларға теңеу тең келмейді, айтса сөз артылмайды. Ал Ф.Гүлен былай дейді: «Жан дүниесі жадыраған әйел – мейірімділіктің бейнесі, ал мейірімділік оның жаратылыс болмысынан туады. Егер осы асыл табиғат әртүрлі сұрқия күштердің батпағына былғанбаған болса, онда ол айналасына үнемі мейір-шапағатын төгіп, мейіріммен ойлайды, мейіріммен сөйлейді, мейіріммен елжірейді және өмір бойы жанында жүргендерге мейіріммен сүйсіне қарап, әрбір жанға шоқ-шоқ мейір гүл шапағаттарын сыйлайды». Сол гүл шоғыры өмір шоғырына айналып, біз осындай адамзат атты қалың орманға айналып отырмыз. Автор Лев Толстойдың әйел туралы күнделіктерінен үзінді келтіріпті: «Үйленіп, шаңырақ көтергеніме бақыттымын. Отбасылық бақыт күндей жарқырап рухымды жадыратады». Бұған қарама-қарсы алынған кереғар мысалдар да бар. А.П.Чехов: «Әйел дегеніміз – әйел» деп сөз таппай қалғандықтан емес, томаға-тұйықтыққа салынып айтса керек. Ол ежелгі араб еліндегі, Жахилия дәуіріндегі жағдайларға тоқталады. Десек те, әйел сұлулығы – өлшеусіз сұлулық. Құдай оларды сұлу ғып жаратқан. Жер беті толы әйел-ананың жемісі дер едік.
Тілек пен арманның тірегі неде? Оған тарих куә. Адам – кейіпкер. «Үздіксіз өзгерістері бар тарихи қайталаулардан туған тілек пен арман» бізге не дейді? Оны мақала-толғау жолдары былайша жеткізеді: «Діншілдікті – Аллаға жақындаудың жолы деп біл және барлық күш-жігеріңмен, ынта-ықыласыңмен діннің етегінен мықтап ұста!» Қазір қазақ жастары мен жасөспірімдері Алматыда жұма намазға қатысады, оған мектептерде, оқу орындарында рұқсат беріледі. Әрине, осындай ілгерілеушілікке қуанамыз, шаттанамыз. Тән мен жан тазалығы қатар дамып, жүзіміз жарқын болса, мынау мақала жолдарындағы өмір мен сана шындығы астасса, біздің темірқазық мүддеміз орындалар еді.
«Киелі мекеннің бақсыз жылдары» бізді жылатады да, жұбатады да. Біз оның бәрін бастан өткердік. «Өкінішке қарай, ұлттық мінезімізбен дертке айналған салақтыққа салындық және болып жатқан оқиғаларға немқұрайлылық таныттық... Ел болып дамуымыз күн сайын бәсеңдей бастады... Еліміз қартайып, таяққа сүйенген қария іспетті белі қайысып, үсті-үстіне ыдырай жөнелді... Жалғасқан күйзелістермен ұлттық рухымыздың болмыс-бітімі өзгерді... Көкжиегіміз тарылды... Жүзіміз қарайды... Ойымыз бұзылып, сөздеріміз толығымен сандыраққа айналды... Барлығы өзгеріп жатты, бірақ біз, осы сұмдық өзгерісті байқамай қалдық.
Бүгінгі күніміздің бет-бейнесі мынадай: осы келеңсіздіктердің кесірінен ұлттық рухымыздың тамыры кесілді... Ынтымағымызбен бірге өмір сүру мәдениетімізге үлкен жік түсті... Қоғам мүшелері жібі үзілген тәсбих моншақтарындай жан-жаққа шашылып кетті...», – деп күйінеді Ф.Гүлен. Енді біз өзімізді сол моншақ тастарын жинағандай жинауымыз керек. Жиналатын кез келді, сөз тыңдайтын да кез келді. Бұл мақалада нәпсіқұмарлық та едәуір сөз болады. Бұдан шаппай бәйге алып жүргендер болды. Қазір біртіндеп тыйым салына бастады, бірақ әлі заң жүзінде бекіген құжат жоқ. Қазақ қызы, жалпы мұсылман әйелі көлденең нәпсіні көрмейтін, еңбектен, отбасынан қолы бір босамайтын мүбәрак жан болу керек.
«Жылайтын кез келді», «Дүние тыныштықтан айрылды», «Мәуліттен туған ай», «Ақиқат айнасы – жаратылыс», «Мәулана Жәлаледдин Руми», т.б. мақалаларды оқып отырып, дүние шіркіннің бел ортасында неге де болса белімді бекем буынар едім деп сезінесің өзіңді. Тек адал бол. Бұл дүниенің баяны боларлық асыл қасиеттер – таза өмір сүру, өмірден кейінгі өмірдің жұмағы да жаныңды баурамай тұрмайды. Мөлдір теңіздің бетінде ағараңдаған жалғыз жел қайықты ерекше бір серпінмен есіп, оқырман жанын ерекше сезімге бөлеген сезімтал ағамызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Қазақтың майы шылқыған тілі, тапқыр тіркестер мен үндестік заңына бағынған үйіріліп түскен әдемі сөйлемдер сөз құдіретін паш етеді. «Біздің дүниеде әр пайғамбар сөз көсемі, ал әр әдебиетші – сол көсемдерден шашылып дарыған сәуленің бір-бір көлеңкесі» деген сөйлемнің өзі неге тұрады.?!

- жасалған.