Бейбіт қатар өмір сүру философиясы

Бейбіт қатар өмір сүру философиясы

4-мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни­верситеті Философия және саясаттану факультеті «Бей­біт қатар өмір сүру философиясы: Ф.Гүлен үндеуі және қа­зақстандық үлгі» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.

Бүгінгі таңда аты әлемге мәшһүр философ, ғұлама ға­лым, көрнекті ойшыл Ф.Гү­леннің өмірі, оның еңбектері сондай-ақ, озық идеяларының өмірге ішкерілей еніп, әлем­дік белсенді қозғалыс ре­тінде қолдауға ие болып отыр­ғаны белгілі. Ғалымның үн­деуі — адамдар арасындағы сұқ­­бат, мәдениеттердің диа­ло­гы, бейбіт қатар өмір сү­ру және толеранттылық. Осы арқылы бүгінгі дү­ние­­де­гі болып отырған надан­дық­пен, кедейшілікпен, бөл­­­­­­ шек­­тенушілікпен күре­сіп, әлем халықтарын тәр­бие мен білімге, іскерлік ар­қы­лы эконономикалық жо­­ға­ры дә­режеге жетуге, ын­ты­мақ­та­сып тізе қосу ар­қылы өскелең өмір үлгісін қа­лып­тастыруға нақты жобалар ұсы­ну арқылы адамзаттың ортақ игілігі үшін қызмет етеді.

Жиынға ҚазҰУ, ҚазҰПУ­­, Абылай хан атын­дағы Шет тілдер универ­ситетінің, ҚР ҰҒА Философия және сая­саттану институтының фи­ло­соф ғалымдары, шетелдік зиялы қауым өкілдері және баспасөз өкілдері қатынасты.

Дөңгелек үстелді фа­куль­тет деканы профессор Ақ­толқын Құлсариева Қазақ Ұлттық университетінің рек­торы Ғ.Мұтанов мырзаның құт­тықтау сәлемін жеткізіп, университет атынан кіріспе сөз­бен ашты.

Жиынның алғашқы 10 ми­нутында Ф.Гүлен туралы бей­нефильм көрсетілді. Фильм­­­­­­­­де әлемнің танымал ой­шылдарының Ф.Гүлен жайлы әр кезде айтқан ой-пікірлері бар. Ол ғалымның тер­рор­и­зм­ге, нәсілшілікке, кем­сі­ту­шілікке  қарсы   көзқарас­та­ры­мен танысып, дінаралық та­тулыққа, ұлтаралық бірлік­ке жол сілтеген шынайы жұмыс­тарынан хабардар етті.

Дөңгелек үстел барысында әдебиеттанушы-ғалым Дан­дай Ысқақ Ф.Гүленді жан-жақты зерттей келе, оның көз­қарасынан заманға, қоғамға, ұлтқа, дінге қайшы келетін еш­бір күдік келтірер түйіткіл таппағанын айта келіп, басқа ғалымдардан артық үш түрлі ерекшелік байқағанын ортаға салды. Білімді жан-жақтылы жетілген ұрпақ тәрбиелеу, тәр­биелі, ибалы, иманды ұрпақ өсіру, адамдарды бір-бірімен араластыру, барыс-келіс жа­сап диалог орнату – оның бас­ты мақсаты. «Ойшылдың әдебиетімізге, өнерге жазған еңбектері мен ұстанымы да діттеген жерден шығуда», — деді ол. Профессор Серік Нұр­мұратов Ислам діні мен хрис­тиан діні арасындағы қарым-қатынасты, бір-біріне сәй­кесу идеясы арқылы өз­ара түсінісу философиясын ұсы­нып отырғанын көпке жет­кізді. Ал профессор Жүсіп Мүтәліпов мәдениет пен өр­кениет мәселесі туралы өзі­нің Ф.Гүленнен тапқан жа­ңалығын жеткізді. «Оның  кең­пейілділк пен кешірімділік арқылы дінді насихаттауы ғаламдық деңгейде, әрі өмірге үйлесімді әрі Құранның на­ғыз ғылым екенін түсін­діре алғандығында», — деп атап көрсетті. Диалог тақы­ры­бын зерттеп жүрген ға­лым Нағима Байтенова қа­зақ­тың ұлы данышпаны Абай мен Ф.Гүленнің өзара са­бақ­тастығы мен үндестігі туралы сыр бөлісіп, диалог пен то­леранттылықты дамытқаны үшін Ф.Гүлен ЮНЕСКО-нің арнайы сыйлығын алған адам екенін жеткізді. Сонымен қа­тар, философ ғалым Ақмарал Сырғақпаева Ф.Гүлен шығар­машылығына тоқталып, бейне суреттер арқылы дәйекті түрде жеткізді.

Ғалымдар Қ.Әбдезұлы, Ж.Ал­таев, А.Қарабаева, Ә.Ма­са­­лимова, Г.Насимова, Г.Нұры­шева, Қ.Затов, тағы да өзге баян­дамашылар Ф.Гүленнің ең­­бектеріне тоқтала келе, Ис­лам мен терроризмнің ара­­сында ешбір байланыс жоқ екенін айқын түрде ашып көрсетті. Әрі әлемнің наза­рын аударып отырған Қа­зақстан Республикасы Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтің сая­саты және Ф.Гүленнің үн­қатысу философиясының қа­лыптасып келе жатқанын алға тартты. Ең бастысы, қазірге дейінгі ойшылдардың ұстанымдарының көбі қағаз бетіндегі көзқарас күйінде сақталып келсе, Ф.Гүленнің идеяларының іске асып отыр­­ғаны әрі оның  барлық құр­лықта бірдей қолдау тап­қандығы «бүгінгі дүниенің сыр­қатына лайықты ем» ұсын­ғандығының айқын көрінісі екендігін бірауыздан ортаға салды.

Нұрхалық ӘБДІРАХЫМ

Ақпарат көзі: Президент және Халық

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.