«Қызмет» — ізгілікке негізделген қозғалыс

«Қызмет» — ізгілікке негізделген қозғалыс

Өзінің жуырдағы «Қайырымға негізделген кросс-мәдени диалог: Фетхуллаһ Гүленнің үлесі» атты кітабында профессор Труди Конвей Фетхуллаһ Гүлен мен Қызмет қозғалысын қайырымдылық тұрғысынан қарастырады. Орталық қонақжайлылық қасиетіне сүйене отырып, Фетхуллаһ Гүлен аяушылық, мейірімділік, толеранттылық, құрмет, татуласу, махаббат, сыпайылық, жақсылықсүйгіштік, шыдам және қайырымдылық секілді жалпы ізгі қасиеттерге негізделген өмірдің мәніне ерекше мән береді.

Тек әлемдік діндер ғана емес, басқа да көптеген философтар қайырымдылықтың не екенін осындай ізгілікке негізделген өмір сүру тәсілін анықтауға тырысқан. Мәселен, Аристотель ізгілікті ақылды таңдау жасауға бейімділік деп түсіндіреді. Сондықтан ізгі қарым-қатынас таңдау кезіндегі тым шектен шығуға жол бермейді. Бұл өзі «иғтидал» деген ислам тұжырымына сай келеді, яғни орта жол. Құран осы басым қасиетке ишара жасайды (этос):

«Біз сендер адамзатқа, ал пайғамбар өздеріңе куәгерлік етсін деп сендерді орта жолды ұстанатын қауым еттік» (Бақара, 143)

Ислам дін теологиясы болудан гөрі сенімді практикалық тұрғыдан ізгі істермен қуаттауға көбірек маңыз береді. Осы себепті жақсылық жасаушылар діни практиканың орталық бөлігі болып табылады. Фетхуллаһ Гүленнің ислам түсінігі де осы дәстүр аясына сияды. Ол Мұхаммед пайғамбар мен сахабаларының өмірін үлгі ете отырып, өз аудиториясын ізгі өмірге құлшындырады.

Өмір — ол кемелдікке жету үшін адамның өз-өзімен күресуі. Әсіресе, бұл әлдекімнің жеке өміріне қатысты емес. Ол өзгелер де жайлы өмір сүруі үшін адамдарды альтруизм көрсетуге шақырады. Гүленнің өзгелердің өміріне ізгілік ұялату үшін қоғамға қызмет ету түсінігін алға шығарғаны бекер емес. Мектептер, Бұқаралық ақпарат құралдары, диалог орталықтары мен көмек көрсету іс-шаралары осыған қажетті алаңды қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан Түркияның қазіргі жағдайында жаңалықтарда көрсетілгендей емес, Фетхуллаһ Гүлен саясатты мақсат тұтпайды. Оның мақсаты саясаттан тыс, ол адамзат потенциялын дамыту үшін ресурстарды мобилизациялауды мұрат етуде. Айналып келгенде, барлық нәрсе адамнан басталатындықтан, бұл саяси мотивтерге қарағанда анағұрлым маңызды тұрған мақсат.

Фетхуллаһ Гүлен іліміндегі ізгіліктің орталық орнын тағы бір ерекше мән құрайды: ол мәдениеттер арасы диалог. Ізгіліктің Аристотелдік анықтамасы қатысты болып табылмайды. Біз жер басып жүрген адамдар ретінде қалай болғанда да соған ұқсас жағдайлардың ықпалына түсеміз. Анығында біздің жауаптарымыз бір мәдениеттен келесі бір мәдениетке қарай түрленіп отырады, көбіне ізгі тәрбие түсінігінде ортақ пікірге келеміз. Осы байқаудан шығатын екі нәтиже көреміз. Гүлен бізді көптүрлілікті құрметтеуге және бір-біріміздің өмірлік тәжірибемізді байыта түсуге шақырады. Мәдениеттер арасындағы өзара тиімді алмасу да бейбіт қатар өмір сүруге алып келеді. Бұған қоса, Гүлен бізді диалогтың жалпы аспектілері мен диалогтағы өзара тәжірибе алмасуға көбірек назар аударуға шақырады, бұл да бейбіт қатар өмір сүруге алып келеді.

Фетхуллаһ Гүлен жұмыстарындағы жалпы тақырып толеранттылықтың ізгілігі болып табылады. Алайда профессор Конвейдің анықтауынша, Гүлен түсінігіндегі толеранттылық жұмсақтықтан да кең түсінік. Ол ашықтықты, ізгіниеттілік, жылылық пен достықсүйгіштік қасиеттерін де қамтиды. Ол қонақжайлылықты да талап етеді. Қалыптасқан бұндай орта түрлі көзқарастар мен сенімдерді бірге тыныш өмір сүруге әкеледі.

Мұхиттардай кең етіп жүрегіңді аш,
Сеніміңмен, сүйіспеншілігіңмен өзгелерді шабыттандыр,
Әр адамға көңіл бөліп, бәріне қол ұшын соз[1]

Фетхуллаһ Гүленнің өмірді түсінуге арналған ізгілігі әлемде бейбіт қатар өмір сүруді орнатуға таптырмас мүмкіндік береді. Ол шабыттандырып отырған Қозғалысты жалпыға белгілі ізгі қасиеттер арқылы адамзат потенциалын дамытуды көздеген оның идеяларының жүзеге асуы ретінде қарастыруға болады.

[1] http://gulen-videos.blogspot.com/2012_07_01_archive.html

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.