3. «Мені «Һуд» сүресі қартайтты»

Әбу Бәкір (р.а.) Аллаһ елшісінен: «Пайғамбарым! Шашыңызға ақ түсіпті. Әп-сәтте қартайып кетіпсіз ғой. Нендей себеп болды?» – деп сұрады. Екі әлем Сардары: «Мені «Һуд», «Уақиға», «Мүрсаләт» сүрелері қартайтып жіберді», – деп жауап қайырады[1]. «Һуд» сүресінде оған: «Әмір етілгеніңдей тұп-тура бол!» (Һуд, 11/12) – деген. Осы туралық – Хақ тағаланың Хабибіне көрсеткен туралығы. Одан осы жолдың сақталуы талап етілді...

«Мүрсаләт» сүресінде адамдардың жәннат, жәһаннамға бөлінгені, олардың не істерін білмей сасқандығы жайлы айтылады. Осы сүрелерде айтылған жайттар Хақ пайғамбарды  үрейлендіріп, қартайтып жібереді...




[1] Тирмизи, Тәфсир, 67.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.