25. Кейбір харам мен мәкрүһтер
«Аллаһ сендерге аналарыңа қарсы келуді, қыз балаларды тірідей көмуді, (орындалатын құқық пен борыштардың) орындалмауын, (лайықсыз нәрселердің) алынуын харам етті. Әрі сендердің өсек таратып, орынсыз сұрақ қоюларыңды және текке мал шашуды (ысырап етулеріңді) жек көрді»[1].
Анаға қарсы келу
Анаға қарсы келуді «уқуқ-у уммәһат» сөзімен берген. Бейне бір анасына қарсы шыққан бала онымен арасындағы барлық құқықтық қарым-қатынасын үзіп, оны жападан жалғыз тастайтын секілді мағынаны ескерткендей. Әкеге қарсы келу де дәл осы тәрізді харам болса да, бұл жерде тек ананың айтылуы бекер емес. Таратып айтар болсақ, әйелдер қамқорлыққа мұқтаж, олардың әлсіз жақтары көп, мейірімділік жағынан еркектен жоғары тұрады, жаратылысы нәзік, болмашы нәрсенің өзі оған ауыр тиіп, көңіліне тез алады. Сонымен қатар, бұл сөз әкеге қарсы келудің де күнә екенін, бірақ анаға деген қарсылық әкеге деген қарсылықтан әлдеқайда үлкен екенін ескертеді.
Қыз балаларды тірідей көму
Қараңғылық дәуірде қыз балалардың тірідей көмілуінің әр түрлі себептері болатын. Осы бір тағылық әдетті кейбіреулері қыз баланы ар санап, қор көріп, енді біреулері бағып-қағу қиыншылығынан қашып, қыз байлығымды басқаға тасиды деп қорқып, не болмаса руына кір келтіреді деген жалған намыс үшін жасайтын. Қалай айтсаң да, бұл ақтауға келмейтін барып тұрған надандық әрі жабайылық еді. Әрине, мұндай надандық сөзсіз тоқтатылуы керек еді.
Иә, Құран мен Сүннет арқылы кейіннен адам бойындағы осы жат қылықтар тоқтатылып, адамзат үлкен бақытқа кенелді.
Аманатқа қиянат
Айтылған хадистің астарына үңілсек, орындалуы тиіс құқық пен борыштардың өтелуін (мән’ан) сөзімен, ал алынатын, сұралатын нәрселерді әр түрлі жолдармен алуды да (һәт) сөзі арқылы берген. Яғни, берілуі қажет болған нәрсені бермеу, алынбауы тиіс нәрсені алу – харам.
Осы қысқа, бірақ мағынасы терең хадисте балалардың ана-аталарымен қарым-қатынасты үзуі: ата-аналардың да бойларында туа біткен мейірімділік пен шапағатты елемей, тіпті оны жоққа шығарып, балаларына мейірімсіз әрі қатыгез болуы жайында айтылған. Ең үлкен отбасы саналған қоғамда кейбір сараң, өзімшіл адамдардың өздерінің жеке бас пайдаларын өмірлік мұрат етіп, хақ пен әділетті жойып, қоғамдық жүйені құлатуға әкеліп соғатын мәселелерден сөз қозғаған. Хадисте және мынадай үш мәселе жайында баса айтылған: «өсекшілдік», «орынсыз сауал қою», «малын текке шашу».
Өсекшілдік кеселі
Өсек не бұл дүниелік, не ақыреттік пайдасы жоқ бос сөзді білдіреді. Ол – мылжыңдық болсын, мейлі керексіз жайтты әңгімелеу болсын, мейлі ғайбатқа жақын әңгімелер болсын, өсек айтушылардың қоғамдық деңгейі мен өсектің таралу аясының кеңдігіне қарай (газет, журнал, радио, теледидармен таралу секілді) адамы өресіз, болашағы жоқ елдің қоғамдық кеселі. Ислам екі еріннен туатын қанша жамандықты атаса, соның барлығы да осы турасында айтқан үш нәрсенің қатарына сөйлеуді не сөйлемеуді де қосып былай дейді:
«Аллаһқа және ақырет күніне иман еткен адам көршісіне жамандық жасамасын! Аллаһқа және ақырет күніне сенген әрбір жан қонағын жақсылап күтсін! Аллаһқа және ақырет күніне иманы бар әркім не жақсы сөз айтсын не үндемесін!..[2]
Мағынасыз сауал
«Мағынасыз сауал» сөзін орынсыз сұрақ сұрау немесе қажет болмаса да қайыр сұрау, тіпті тіленуді әдет ету деп те түсіндіруге болады. Екеуі де ұят, екеуі де зиянды әдет. Құран Кәрім мен сүннет мұқтаж жағдайдан өзге жағдайда тіленуді ұят санаумен қатар, көпшілік арасында анадан бір, мынадан бір әр нәрсені сұрап, олардың мазасын алуға тыйым салып, адамдардың сана-сезімдерін әрқашан пайдалы нәрселер үйренуге бағыттаған.
Мұнымен қатар, Құран Кәрімде орынды және орынсыз деп сұрақтардың екіге бөлінгенін көреміз. Орынды сұраққа мысал ретінде: «Сахабалар сенен Аллаһ жолында не беретінін сұрайды»[3] аятын, ал орынсыз сұраққа «Сенен рухтың ақиқаты жайлы сұрады»[4] аятын жатқызуға болады.
Сұрақ сұрау немесе сұрамау, тілену немесе тіленбеу қандай да бір зәрулікке немесе қажеттілікке байланысты уәжіп, харам немесе мүбаһ болады. Бұл тұрғыдан алғанда да, екі бөлек боп көрінген осы екі мәселені жоғарыда айтып өткен «бірлік» айналасында қарастырып, бірлестіре оты-рып жорамалдаудың өте тиімді болатыны тағы бар.
«Малын текке шашу» сөзін заттық һәм рухани, дүниелік не ақыреттігіне байланысты қандай да бір пайданы көздемей, байлығын ана жерге бір, мына жерге бір ысырап етіп, шашып-төгу деп түсіндіруге болады. Бұл – сырт қарағанда адамның жеке басына қатысты зиян сияқты көрінсе де жалпы әрі қоғамдық індет.
Бүгінгі таңда өте маңызды, болашақта да маңыздылығы арта түсетін экономикалық әрі қаржы бөлу мәселесін түйіндей келе, сөз Сұлтанының қолданған сөздері мен сөз тереңдігін еске сала кеткіміз келеді.
[1] Бухари, Тәфсирус сүра (11) 5; Муслим, Әқдиә, 12.
[2] Бухари, Риқақ, 23; Муслим, Иман, 75.
[3] Бақара, 2/215
[4] Исра, 17/85
- жасалған.