Республика

Республика – халық сайлау мен өз пікірін айтуға құқылы басқару формасы. Ал басқарудың бұл формасын адамдарға алғаш үйреткен кітап – Құран Кәрім. Республикалық басқару формасын Құранға қарама-қайшы қойған адамның белгілі бір мақсатты көздегенін, яки өзінің білімсіздігін көрсетеді. Республиканы жақтай оты-рып, оның негізгі қайнар көзін мойындамау – қасарыспа мінездің, қырыс тоңмойындықтың көрінісі.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) патшалық құру ниеті мүлдем болмаған. Оның соңынан ерген әділ халифалары да ондай ойдан аулақ болған. Патшалық Ислам рухынан алшақтаудан туындады және алшақтаған сайын зұлымдық пен жендеттіктің құралына айналды.  

Нағыз егемендік пен әділдікке сүйенген республика басқарудың жоғарғы һәм сенімді түрі болумен қатар аса нәзік жүйе де. Оның осы негізгі ерекшеліктерінің сақталуына басты назар аударылмаса, ол  имансыздық пен анархияны тудырады. 

Нағыз республика – рухы кемелденген жандарға тән басқару жүйесі және адам баласының абырой мәртебесіне лайық форма. Ал әлі кемеліне келмеген пәс Рух иелері үшін ол шөлдегі сағым немесе өмір сүруіне қолайсыз күрке сияқты.

Республика бостандықтың анасы немесе тәрбиешісі секілді. Бостандыққа жаны құштар буын басқарудың осы формасы арқылы дұрыс жетіле алады. Алайда республика «санасыз еркіндікті» білдіретін басқару жүйесі де емес, ол – ізгілік пен жоғары құлықтылық бостандығы.  

Республика адамды кәмілдікке жеткізетін құндылықтар арқылы әуелі оның рухани әрі ақыл-ой кәмілдігінің шы-ңына шығуына жағдай жасайды. Содан соң оны өзінің өнегелік қасиеттерімен және ар-ожданымен оңаша қалдырады. Сол кезден бастап әрбір адам үйде немесе түзде болсын ерік-жігері мықты жан иесі ретінде ұдайы жақсылық пен ізгілікті ойлап, жоғарғы адами құндылықтарды өзіне бағдар етеді.

Рух еркіндікке құштар. Сол себепті өзінен үстем күштің болғанын қаламайды. Адам рух иесі болғандықтан ойына, іс-қимылы мен сөзіне қойылатын шектеудің кез келгеніне қарсылық көрсетеді. Сол себепті республиканы жақтайтындар азаматтардың құқығы және еркіндігін танып қана қоймай, олардың құлықты, ізгілікті, парасат па-йымы биік һәм қайратты болуына жағдай жасау керек.

Діни сезім мен түсінікті қорғау – республиканың өзіндік табиғатына тән міндеті. Сондықтан да мұндай басқару жүйесінде адамдарды діни сезімі мен түсініктері үшін кемсітіп, оларды қорлау республиканы қорлау мен оның құндылықтарына қастандық жасау болып табылады.

Республика өзінің құрылымын, мәнін терең сезіне алатын жандарды қажет етеді. Оның мәжілісі даналар мен ойшылдардың мәжілісі сияқты байсалды, ал қызметі қара қылды қақ жаратын сот сияқты шыншыл да әділ болуы қажет.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.