Дінаралық диалогтың қажеттілігі

Адамдар әлем, экология, әділеттілік, төзімділік және диалог жайында сөз қозғайды. Өкінішке орай, үстемдік етіп тұрған материалистік дүниетаным адамзат пен табиғаттың, сондай-ақ адамдар арасындағы тепе-теңдікті бұзады. Мұндай үйлесімділік пен бейбітшілік материалдық пен руханилықтың бір-бірімен өзара табысқан жағдайында ғана туындайды.

Дін – дін мен ғылым, пәни өмір мен ақырет әлемі, табиғат пен құдайылық кітаптар, материалдық пен руханилық, жан мен тән секілді кереғарлықтарды табыстырады. Ол ғылыми материализмді тежеп, ғылымды өзінің шынайы орынтағына жайғастырып, ежелден келе жатқан қақтығыстардың алдын алады. Адамдарды Жаратушысына бағыттауға міндетті жаратылыстану ғылымдары керісінше имансыздықты жая түсуде. Бұл тенденция христиан дінінің ықпалы басым батыста күштірек болғандықтан мұсылмандар мен христиандар арасындағы диалогқа аса қажеттілік туып отыр.

Түрлі дін өкілдерінің арасындағы диалогтың мақсаты – рухани бірлік пен келісімді жүзеге асырып, сонымен қатар діннің жан-жақты бесаспаптық қасиетін қолдау болып табылады. Дін барлық сенім түрлерін қамтиды, әрі оларды табыстыра отырып, үлкен талпыныспен алға жылжиды. Олар өз пайғамбарлары арқылы сүйіспеншілік, өзара сыйластық, сабырлық, кешірімділік, мейірімділік, адам құқығы, бейбітшілік, бауырмашылдық және еркіндікті ұлықтайды.

Исламда Иса (ғ.с.) пайғамбар Қиямет қайымның алдында қайта оралады деген көзқарас бар. Бұл мұсылман үшін сүйіспеншілік, бауырластық, кешірімділік, кішіпе-йілділік, мейірімділік, альтруизм, рухани таза болу тәрізді құндылықтар әрдайым алдыңғы кезекте тұруы керек дегенді білдіреді. Өйткені Иса (ғ.с.) еврейлерге жіберілген әрі бүкіл иудейлік пайғамбарлар осы құндылықтарды ұлықтағандықтан еврейлермен де диалогтың қажеттілігі туындап отыр, сонымен қатар ислам, христиан, иудаизм діндерінің арасында да өзара жақын қарым-қатынас орнатылуы қажет.

Діндер арасында диалог орнатуға септігін тигізетін шешімін табуға тиіс көптеген ортақ мәселелер бар. Михаил Вышогрод «иудей мен христианға қарағанда, иудей мен мұсылманның жақын қарым-қатынаста болуының теориялық және конфессионалдық себептері аз емес» деп жазады. Оның үстіне мұсылмандар мен еврейлердің араларында жалпылай алғанда ешқандай дискриминациялар, жаппай қырып-жоюшылықтар, адам құқығын аяққа таптау немесе геноцид жоққа тән. Негізі Испаниядан еврейлердің қуылған қиын кезеңдерінде Осман мемлекеті оларды құшағын айқара ашып қабылдаған болатын.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.