7. Пайғамбарымыздың қайырлы іске асығуы

Бір күні мешітке келіп, жамағаттың алдына шығып, намазға тұрды. Артынша дереу намазын бұзып, бөлмесіне қарай асыға басып жөнелді. Асыққаны сонша – сырттан қараған адам оны өрт сөндіруге кетіп барады деп ойлап қалғандай. Сәлден кейін қайтып оралды. Аптығы толық басылған. Намазға тұрып, жамағатқа имам болды. Намаздан кейін сахабалар не үшін аптығып абыржығанын сұрады. Ол: «Бағана маған кедейлерге таратылатын заттар келген болатын. Мен оны таратуды ұмытып кетіппін. Дәл намазға тұрған кезде есіме түсті. Үйімде таратылар дүние тұрғанда, жайбарақат намаз оқығым келмеді. Айшаға (р.анһа) барып, тез арада мұқтаждарға таратып бер дедім»[1], – дейді. Міне, зүһді, тақуалығы һәм оның дүниеге қызықпауы...

Сан рет дүние көрініп, өзін қабылдатқысы келсе де, ол қолымен қағып, кері қайтарған[2].




[1] Бухари, Әзән, 158; Нәсәи, Сәһу, 104.
[2] Муснәд, 2/231.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.