6. Толғануы
Қадірлі Айша (р. анһа) анамыз айтады: Бір күні түнде Аллаһ елшісі маған «Айша! Осы түні Раббыма құлшылық етейін. Маған рұқсат етесің бе?», – деп сұрады. Мен: «Сенімен бірге болуды мен де көксеймін. Бірақ, сенің жан қалауың мен үшін бәрінен артық», – дедім.
Аллаһ елшісі орнынан тұрды да, намаз оқи бастады. Ол сол түні таңға дейін «Көктер мен жердің жаратылуында, түн мен күндіздің алмасуында, әлбетте, ақыл иелері үшін ғибраттар бар» (Әли Имран, 3/190) аятын оқып, көз жасын төкті. Таң рауандап атқанда, азан оқуға келген Біләл оған: «Пайғамбарым-ау, өзіңді неге мұнша қинағансың? Хақ тағала сенің өткенің мен болашақтағы барлық күнәларыңды кешірді ғой», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз: «Маған мұншалықты нығмет берген Раббыма шүкірлік еткен құл болмайын ба?»[1] – деп жауап қатты.
Аллаһ елшісі өз өлшемін сақтап, шүкірлік шыңын қорғай алмаудан қорқып жылауда.
Негізі ол сияқты ар-ожданына дақ түсірмей өмір сүруге ешкімнің де шамасы жетпейді. Жеке құлшылықтарында өзіне тән ұстанымы болды. Нәпсісіне бір сәт те ерік бермей, тізгіндеп ұстады. Оның барлық ғұмыры құлшылыққа сай жоспарланған тәрізді. Құлшылық қылмаған бір сәттік уақыты да жоқтай. Әлбетте, оның ғибадатын ораза, намаз, т.б. түрлерімен шектеуге болмайды. Ол істеген әрбір ісін құлшылық ниетімен жасайтын.
Біз оны «Заһидтер заһиді» деп атасақ, бұл өзге теңеу таппаған шарасыздығымызды ұқтырады. Әйтпесе, оның зүһдінің басқа сөз, басқа теңеумен жеткізіуіміз керек еді.
[1] Ибн Хиббан, Сахих, 2/386; Ибн Кәсир, Тәфсирул-Қуранил-азим 1/441-442, Қуртуби, әл-Жами ли аһкамил-Құран, 4/310.
- жасалған.