3. Адам факторы
Аллаһ елшісі ешқашан адам факторына немқұрайды қарамаған. Тіпті жорыққа әскер жасақталған кезде, ғылым мен шұғылданатын жандарды тізімге қоспаған. Басқаша болуы да мүмкін емес еді, себебі Құран Кәрімде осыған қатысты: «Мұсылмандардың барлығы бірдей соғысқа шықпауы керек, әр көпшіліктен бір топтың дінді тереңірек үйрену, қайта оралғанда оларға ескерту үшін артта қалуы керек емес пе? Сонда ғана қателікке ұрынудан абай болады», - деп айтылған (Тәубә, 9/122).
Иә, мұсылмандар шайқаста жүргенде де артында арнайы біреулер қалып, дінді үйреніп, әскерлер қайтып оралғанда, оларға дінді үйреті тиіс. Иә, дін күресіне қатысу міндетті заман болса да, қоғамда білім мен ғылымға жол ашық болуы керек. Егер айналасын дұшпан қаумалаған сол заманда ғылым қақпасын жауып, бәрі бірдей соғысқа аттанғанда, соғыста жеңіске жеткенмен, ғылым мен мәдениет тұрғысынан көп нәрсе жоғалтар еді. Сондықтан Ислам осындай қиын кезеңде де кейбір адамдардың соғысқа аттанбай, артта қалып ғылыммен айналысуын әмір етуде. Ендеше, Аллаһ елшісі ғылым мен мәдениетті ең қиын-қыстау шақта да назарында ұстаған. Соғысқа аттанбағандар ғылыммен терең шұғылданушылар. Бұрын да айтып өткеніміздей, алғашқыда хат танитындардың саны санаулы ғана болса, жиырма жылдан кейін хат танымаған жан қалмады. Мұндай нәтижеге жету – Аллаһ елшісінің осы саладағы көрсеткен қажыр-қайратының арқасы еді.
Иә, ол ешқашан адамдарға немқұрайдылықпен қарамай, әр адамның барлық жағынан жақсы жетілуі мен қоғамның кең құлаш жаюын үйреткен. Үйретуін әмір етіп қоймай, тікелей өзі де мұғалім болып шәкірт тәрбиеледі. Осылайша өлі дүние мен өлілер арасынан жанды ілім мен иман қоғамын құра білген.
Алғашқы сәулетші мен құрушыдан кейін қоғам өз басшыларын өздері шығара бастады.
Иә, ғылымға терең бойлап, ой сауа білген қоғамды қашан да өздері тәрізді адамдар басқарады. Һәм осы басқарушылар сол қоғамның маңызы мен қаймағы іспетті. Сүттің қаймағы сүттен болғаны тәрізді түбінде қайнаған ғылым мен ой-пікір болса, бетінде соған лайық қаймағы болады. Аллаһ елшісі осыны меңзеп: «Өздерің қандай болсаңдар,басшыларың да сондай болады»[1], – деп өте ғажап айта білген.
[1] Кәнзул-Уммәл, 6/89.
- жасалған.