4. Келешек кепілі зиялы жандардың қолында
Адам факторымен айналысуға ынталандыратын бірнеше аяттар бар. Бұларға терең ой жіберсек, Ислам дінінің адамға үлкен мән бергені айқын аңғарылады. Біз бұл жерде осыған қатысты мәселені қысқаша баяндап, бір-екі аятқа ғана тоқтала кетейік:
«Іштеріңде жақсылыққа шақырып, туралықты әмір еткен әрі жамандықтан тыйған бір жамағат болсын. Міне, табысқа қол жеткізгендер тек осылар ғана» (Әли Имран, 3/104).
«Сендер адамдар арасында ең қайырлы үмбетсіңдер. Жақсылықты әмір етіп, жамандықты тыйып, толықтай Аллаһ тағалаға сенесіңдер» (Әли Имран, 3/110).
Осы және осыған ұқсас аяттар Исламның адам мен ілімге берген маңыздылығын айқын көрсетеді.
Ислам жүрек, рух, сана-сезімді ең жақсы түрде тепе-теңдікті сақтай отырып, оларды жаратылыс мақсатына бағыттаған. Аллаһ елшісі осы мәселеге ешқашан немқұрайды қарамаған. Бұл жол көрсетуші үшін аса маңызды. Өмірде қаншама жолбасшылар бар. Олар қол астындағы әскері мен мүмкіндіктеріне сеніммен қараса да, күтпеген жерден жеңіліске ұшырап отырған. Жалпы тұрмыстық хал-ахуалын пайдаланып, елді көтеріліске шығарғандар, сөзсіз, олардың осы сезімдерін есепке алған. Бірақ ғұмыршаң істерде бұның ешбір маңызы жоқ. Аллаһ елшісі осы толқуларды пайдаланып, адамдарды өз жағына шығаруды ешқашан ойламаған. Өйткені мұндай бір сәттік сезіммен келгендер басқа сезіммен тарап кетеді де, ол жалғыз қалады. Алайда Хақ Пайғамбардың айналасындағы адамдар ең қиын шақтарда да оны жалғыз тастамаған. Тастау былай тұрсын, оның жолында өлуді негізгі мақсат санап, шейіт болуды арман еткен. Өткенге қайта оралайық: Иә, бір елдің өрісі кең болса, ол адамдары арқылы кеңейген. Міне, осыны хазірет Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) пайғамбар жүзеге асырған. Шартарапқа жіберілген адамдардың барған жерлерінде мемлекет пен елді басқаруда, тіпті мектеп пен медресе ашуда ешқандай қателікке жол бермеуі Аллаһ елшісінің өз адамдарын аса жақсы тәрбиелегенін, бәрінен бұрын адамға үлкен мән беріп қарағанын көрсетеді...
- жасалған.