22. Дүние бір көлеңке

Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз:
«(Жалған) дүниеге менің не қатысым бар?! Мен бұл (фәни) дүниеде бар-жоғы бір ағашты саялап, тыныққаннан кейін жолын қайта жалғастырған жолаушы секілдімін»[1],  – дейді.

Дүние деген не? Адам осы бір фәнидегі өткінші өмірін қалай бағалауы тиіс? Адам баласы осы дүниеге не үшін келді және қайда кетіп барады? Міне, күні бүгінге дейін философияның негізгі тақырыбы саналып, сан ғасырдан бері айтылып келе жатқан осы мәселені Аллаһ расулы қанатты жалғыз ауыз сөзбен түсіндіріп айтып кеткен. Өзге жандар сөре толы кітап жазса да түйіндей алмаған осыған ұқсас мәселелерді Хақ пайғамбар бір-екі ауыз сөзбен-ақ айқындап кеткен. Иә, барлық адамзат оның сөздеріндегі ғажап тіркестерге еріксіз бас шайқап таңданумен, тамсанумен келеді.



[1] Тирмизи, Зуһд, 44; Ибн Мәжә, Зуһд, 3; Ахмәд, Муснәд, 1/301.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.