5. Иләһи назар алдында

Абдуллаһ ибн Мәсғұд айтады: Бір күні Аллаһ елшісі маған: «Құран оқышы, мен тыңдайын», – деді. Мен: «Пайғамбарым! Құран саған түспеп пе еді, мен қалай саған Құран оқымақпын?» – деп сұрадым. Ол: «Құранды өзгеден тыңдаудың өзі ғанибет», – деп жауап берді. Осыдан кейін «Ниса» сүресін басынан оқи бастап,  «Әр үмбетке бір айғақ келтіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек, қандай болар еді?» (Ниса, 4/41) аятына келгенде, «Жеткілікті, жеткілікті!» – деді. Басымды көтеріп қарасам, Аллаһ елшісі көзіне жас алып отыр екен. Тыңдауға жүрегі шыдамапты[1].

Аят оған ақыреттегі жан шыдатпас көріністі суреттеген болатын.



[1] Бухари, Тәфсир, (4), 9; Муслим, Мусәфирин, 247-248.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.