2. Хунейн олжасының бөлісі
Хунейн ғазуатында қолға түскен олжаларды Исламға жүрегін жібіту мақсатымен Аллаһ елшісі кей кісілерге бөліп берген болатын. Бұл ансар[1] жастарының кейбірінің қызғанышын оятты. Қызуқанды кейбір жастар меккеліктерге дүние бөліп беріп жатқанын көре алмай: «Дұшпан қаны қылышымыздан кеуіп үлгерген жоқ, олжаның үлкенін соларға бергені несі», – десті. Үбәде ибн Самит атты мәдиналық сахаба Аллаһ елшісіне келіп, жастар арасындағы болған жайды баяндайды. Пайғамбар оған: «Сен қалай ойлайсың?» – деп сұрағанда, ол: «Мен де солардың бірімін», – деп жауап қатады. Іс насырға соғуға айналды. Тез арада бір шешімін таппаса, ақыры жақсылыққа бармауы әбден мүмкін.
Осы кезде Аллаһ расулы бұл мәселені ұшқыр фәтәнаты арқылы жеп-жеңіл шешкен болатын. Жоғарыда осы оқиғаның Әз елшінің пайғамбарлығына дәлел екендігі жөнінде айтқан болатынбыз.
[1] Мәдина қаласының тұрғыны болып табылатын сахабалар
- жасалған.