Сөз шеберлігі
Аллаһ елшісі – араб тілінің сөз шебері. Бұл салада оның көптеген куәсі бар. Хасан ибн Сәбиттен бастап Қағб ибн Мәлік, Абдуллаһ ибн Рәуәһа, Қағб ибн Зуһәйір ибн Әби Сулмә, Ләбид, Ханса ибн Зуһәйраға дейін. Одан әрі Аббасит, Омият, Селжүктердің әдебиетшілеріне дейінгі барлық сөз зергерлері ең қадірлі сөздерін Пайғамбарымыздың сөздерімен байланыстырып айтып, оны айрықша қастерлей білген. Әсіресе, Иран шайырлары. Хайдар Хаммадтың айтуынша, Гете бір күні принц Миллерге былай деген: «Ислам тарихында, әсіресе, Селжүктер, Аббаситтер мен Иранда әр түрлі замандарда көптеген ұлы ақындар өскен. Бірақ Ислам әлемі бұлардың тек төрт-бесеуінің ғана ақындығын мойындайды».
Тағы бірде өзінің «Фауст» атты шығармасы арқылы неміс әдебиетіне соны леп әкелген Гете ақын: «Бұл елде әр түрлі замандарда ұлы адамдар өскен. Бірақ, Ислам әлемі олардың бесеуін ғана мойындайды: Мәуләнә Жәләләддин Руми, Хафыз, Фирдауси, Әнуәри, Низами. Бұлардан басқаларын түгелдей жоққа шығарған. Яғни, ақын деп мойындамаған. Әдебиетші ретінде танымағандардың арасында небір мықтылары бар. Мен олардың қолдарына су құюға да жарамаймын», – деп бір-ақ түйеді.
Ал Хафызға еліктемейтін еуропалық ақын жоқтың қасы. Осман әдебиетінің басым көпшілігі Хафыздың стилімен тығыз байланысты. Міне, Иран әдебиеті де, Тұран әдебиеті де хазірет Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мектебінің түлектері. Олар – Хақ пайғамбардың қалдырып кеткен құралын пайдаланған шеберлер.
- жасалған.