1. Рух, нәпсі және ақылды биіктетуі
Біріншісі: Хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жаратқанның құдіретімен адамдардың рухын, нәпсісін және санасын барынша жетілдіріп, адам мүмкіндігі жететін ең биік шыңға шығара білді. Өз шәкірттері мен ізбасарларын Хақ тағаланың көмегімен осындай табысқа жеткізгеніне тарих куә.
Кұран Кәрім жамандыққа итермелейтін нәпсі хақында айтады. Сол нәпсі адамның мойнына қамыт кигізіп, қалаған жағына сүйреп, үнемі бұғауда ұстайды. Жүсіп (а.с.) міне осы жамандыққа итермелейтін нәпсінің кесапатынан Аллаһ тағалаға сиынып: «Сөзсіз нәпсі жамандықты әмір етеді. Аллаһтың рақымы түскен адам ғана одан құтыла алады» (Жүсіп, 12/53), – деген. Бірақ сол нәпсіні ауыздықтау арқылы адам асқақ шыңдарды бағындыра алады. Міне, Құран нәпсінің осы халі хақында: «Ей, көңілі жайланған нәпсі! Сен Раббыңнан, Ол да сенен разы болған күйде, Раббыңа қайт!» (Фәжір, 89/27-28) дейді. Мұнымен қатар, нәпсінің жамандыққа итермелеу қылығынан арылып, өзін сынайтын нәпсіге айналуы жайын да Құран айтады. Тіпті, бұл халді мәртебе етіп қабылдағандықтан, осындай нәпсіге ант етеді: «Өзін кіналаған нәпсіге ант етейін» (Қиямет, 75/2).
Бұған қоса, саф таза нәпсі де бар. Бұл – мұқаррабиндерге ғана тән қасиет. Бойында осындай қасиеті бар жандарға қараған адам қашанда Аллаһ тағаланы еске алады. Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) нәпсісі, міне, осындай нәпсі. Ол дарынды адамдарды өз дәрежелеріне сай, һәм қабілеттерінің шамасына қарай нәпсісін саф таза күйге жеткізген. Иә Аллаһ елшісі нәпсіні тәрбиелеу арқылы оған шыға алатын ең шырқау биікті көрсетті Хақ тағаланың шарапаты арқылы оны сол мәртебеге көтерді. Бұл оның ұстаздықта да теңдесі болмағандығын көрсетеді. Мұхаммед аләйһис-сәләмнің таңғажайып ғасырына көз жіберсек, оның ақыл, нәпсі, жан мен рухты тәрбиелеуде қылаудай кінәрат жібермегендігіне көз жеткіземіз.
- жасалған.