Ақиқат жаршыларына
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірінде бір-ақ рет қажылыққа барған, бірақ бүкіл саналы ғұмырын ақиқатты уағыздап, адамдарды тура жолға шақырумен өткізген.
Аллаһ Тағаланың берген нығметтеріне сай әрекет жасамағандар өз бұлақтарын бітеп, суалтқан болады.
Көз жасы көптеген жүректердің ақиқатқа ашылуына себепкер болады.
Ұлылықты үлкен істер мен жобалардан емес, Аллаһ Тағаланың разылығын ғана көздейтін адамнан және Аллаһтың «Мен де саған ризамын» деуінен іздеу керек.
Тұқым егуді жиын-терін маусымына қалдырма, әйтпесе екі маусымдағы еңбегің еш кетеді!
Иманды адам иманын іс-әрекетпен ұштастыруы керек. Жүрегіне иман қонған адамның іс-әрекеті де түзу болады.
Аллаһқа тиесіліні «біздікі» деп қолданғанымыз мемле-кеттің жерін жеке тұлғалардың қолданғаны сияқты.
Кісіні жасаған қателіктері мазалайтын болса, онда ол күнә мен сауапты ажырата біледі деген сөз.
Жетістіктің дұшпаны – молшылық пен ысырапшылдық.
Жұмыртқа мен балапандарыңыз көп болса, барлығын бір кәрзіңкеге салмаңыз!
Сақтық пешенеге жазылғанды өзгертпесе де, адамды тағдырға қарсы шығудан сақтайды.
Кісі жайлы жақсы ойлау бір басқа, жақсы ойлай отырып, сенімсіздік таныту бір басқа... Бұлардың аражігін парасатты-көреген кісі ғана ажырата алады.
Ақиқатты жеткізуде айтушының сөзі шынайы шығып, жұрттың жүрегіне жол табуы тиіс. Өзіңнен білімді адамға уағыз-насихат айтпау керек, ал солай бола қалған жағдайда, оның кері әсері болуы мүмкін. Әке баласына, шәкірт ұстазына, көмекші ұстаға ақыл үйретпеуі керек. Осы тұрғыдан келсек, Әбу Тәлібтің өз бауыры, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) уағыздарына құлақ аспау себебіне үңілу – ойланарлық жайт...
Ата-ананы қандай ауыр күн туса да, қиын жағдайға душар етпеу керек. Алайда, олар «Ислам үшін қызмет қылма» деп, сенің иман үшін атқаратын қызметіңе кедергі жасайтын болса, онда олардың бұл тыйымдарына бас имеу керек. Осы жағдайдан басқа барлық мәселеде әке-шешесіне бағынған адамның өмірі берекелі болмақ.
Мұсылман – жер бетіндегі сенімділік пен қауіпсіздіктің кепілі.
Кісі өзінікі дұрыс болып тұрса да әкесімен таласпауы керек. Жаратушының Қаһһар (Ашулы, қаһарлы) сипаты әр түрлі дәрежеде барлық адамда болады. Ашулану жақсы қасиет емес. Алайда ол сипат Мұхаммади (Мұхаммедтің үмбетіне тән) тәрбиеге сай тәрбиеленген болса, дұшпанға қарсы айбат, ал мұсылмандар үшін кішіпейілділік түрінде көрініс табады.
Жамандықтан басқаны көзі көрмейтін қараниеттілерді жақсылық арқылы ғана тоқтатуға болады. «Кісі – жақсылықтың құлы» екендігін ұмытпау керек...
Қасиетсіз, ұсақ адамдар айналасына үнемі өздері сияқтыларды топтастырады. Олар осылайша кемшіліктерін бүркемелеп, өздерін сенімді сезінгісі келеді.
Сайтан көбінесе өмірін ақиқат жолына арнамағандарды жолдан тайдырады. Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыймағандар уахидің (Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген хабар) берекесінен мақұрым қалады. Оларда таңғы тәтті ұйқыда жатқан адамды самал боп оятатын Иләһи шабыт болмайды. Олар кітап жаза алады, бірақ жазғандары жеміссіз, берекесіз, қапасқа бастайтын қараңғы ойларға толы. Тек жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыйған адамдардан ғана Иләһи шабыттың лебін байқауға болады. Сондықтан біз оқып, ой толғатып, басқаларға да ақиқатты жеткізуге ұмтылғанда ғана өз рухымыздың елгезек қалпын сақтай аламыз.
Қазіргі таңда ақиқат жаршылары тек Аллаһ Тағаланың разылығын көздеуі тиіс. Ешқандай пенделік ой мен сезім оның осы қасиетті мақсатына қылау түсірмеуі керек. «Жаһаннамға тап болған күнде де, сол жердің өзінде ақиқатқа бүйрегі бұратын біреуді тауып алып, оған ақиқатты түсіндіруім керек». Міне, қазіргі таңдағы нағыз иман қаһармандары осылай ойлауы тиіс.
- жасалған.