Күнә және одан арылу
Күнә – адам табиғатының бұзыла бастауы болса, тәубе мен кешірім тілеу – адамның пәк табиғатына қайта оралуы.
Жүрекке дақ қалдырған күнә денеге жабысқан вирус сияқты, ерте ме, кеш пе өзін әйтеуір бір сездіреді.
Өлімді ойламаған адамның жүрегін тот басуы мүмкін; өлімнен қорқу иманның аздығын, яғни әлсіздігін білдіреді.
Біреу жайлы жаман ойлау – ақыл-ой кемістігі немесе жүректі кір шалудың белгісі. Бұдан құтылудың жолы адамның өз күнәларының парқына баруында жатыр.
Абайсыздығымыздан және ұқыпсыздығымыздан шұң-қырға түсіп кетсек, одан осы шұңқырға түсуімізге себеп болған кемшіліктерімізді түзету арқылы шыға аламыз.
Үйің алтынмен апталып, күміспен күптелсе де, өзгенің жаман-жәутік лашығына тас лақтырма!
Басқалардың айыбын қазбалаумен шұғылданған адам өмір бойы масқарадан құтыла алмайды...
«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген сөз бар. Маңыздысы – құлағаннан кейін орнынан тұрып, өз-өзіңе келе білу.
«Ертең істеймін деу» – жігерсіздіктің белгісі.
Ең үлкен күнәлар адамның нәпсілік сезімінде тамыр жаяды... нәпсісін тізгіндей алу – ең үлкен жеңіс.
Күнәны елемеу – ең үлкен күнә.
Ағаш қурап кетпеген болса, көктемді сезеді...
Аллаһ Тағаланың жасаған күнәларың үшін бірден қаһарын төгіп жазаламағанына есірме, мүмкіндік беріп тұрғанын ойлап, қорық! Нағыз мүмін – сәт сайын Аллаһпен тығыз байланыста болған адам. Күнәлар – бұл байланысты үзетін ұшқындар.
- жасалған.