18. Бір тесіктен екі мәрте шақтырмас
Бухари мен Муслимнен жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз:
«Мұсылман өзін бір тесіктен екі мәрте шақтырмайды», – деп үмбетін ескертеді[1].
Болашақтың саясатшыларына тікелей қатысты осы хадис жайында көп сөйлемей, тек ишарат ретінде кейбір нәрселерге ғана тоқтала кеткім кеп отыр.
Келешекте Хақ жолына негізделген шынайы мәдениеті мен қайта қауышқан өз әлемін өзгеден емес, өзінен іздеген зиялы жандар бұл хадис жайында көп ойланып-толғанғаны жөн. Барлық ішкі және сыртқы саясаттарындағы ұстанымдарын осы хадиске негіздеу керек. Сол кезде ғана алдарынан табысқа апаратын маңызды жолды таба алады. Болмаса, саяси платформадағы алдану мен адастырулардан еліміз көп зардап шегеді.
[1] Бухари, Әдәб, 83; Муслим, Зуһд, 63.
- жасалған.