Тәблиғтың ерекшеліктері
Тәблиғтың кейбір маңызды ерекшеліктері бар. Бұлардың біразын жоғарыда айтып өттік. Солардан қысқаша қорытынды жасай отырып, айтылмаған жақтарын да осы қорытындыға сыйдырып, тәблиғ тақырыбын тәмәмдалық.
Біріншісі: Тәблиғтың «фәтәнат» жағы бар. Мұны біз пайғамбарларға тән қисын не парасат деп айтсақ та болады.
Екіншісі: Тәблиғ еткен адам тәблиғ мәселесін өте жақсы меңгеруі тиіс. Сөзі мен ісі бір жерден шығуы тиіс. Шақырғысы келген адамдарды шынайы ықыласымен, ісімен шақыруы керек.
Үшіншісі: Тәблиғта көзделетін нәтиже – Аллаһтың разылығы ғана болуы тиіс. Әрбірден соң ақиқатты жаннат үшін уағыздамау қажет, яғни жәннат та тәблиғтың мақсаты болмауы керек. Бұл, өз кезегінде, әрине, дүниелік және рухани ләззаттардан бас тартуды қажет етеді.
Біріншісі: Ішкі фәтәнат; Аллаһ елшісінің тәблиғының да фәтәнат жағы бар. Бұл құрғақ қисын емес. Ол – сыртқы әлем мен ішкі әлем және дүние мен ақыретке дейін жалғасқан қисын. Адам қисынға сүйеніп қана қоймайды, сонымен бірге сезіміне де құлақ асады. Адамның сезімін ескермей, тек бірыңғай ақыл-ойына әсер ету арқылы ақиқатты ұғындырғысы келетіндер толық жетістікке қол жеткізе алмайды Ал, адамның сезіміне ғана ықпал ете отырып, таблиғ еткен адам да сәтсіздікке ұшырайды. Алайда, Мұхаммед алейһиссәләм адамның ойы мен санасын және ішкі сезімдерін түгел есепке ала отырып тәблиғ еткен. Көзбен көрінетіндерді мысал ете отырып, адамның рухына, жан-дүниесіне осы жолдармен есік ашқан. Ақылды қолдана отырып, сөйлескен адамының да өмірдегі құбылыстарды ақыл-ойымен саралап қарауына жағдай жасайды. Ойлаудың маңызына да мән беріп, ақиқатты осы жағынан жеткізуге күш салады. Ар-ожданымен Оның нұрын сезген барлық жан бір сәтте ақиқатқа көзі ашылады. Болжам арқылы яки қисын жолымен Аллаһты табуға тырысқан Паскаль мен Бергсон тәрізді адамдар Мұхаммед алейһиссәләмнің тәрбилеп өсірген мұсылмандарынан қай жағынан алсаң да, көп артта қалады. Оларды мұсылмандардың ең әлсізімен де салыстыра алмайсыз.
- жасалған.